Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байқоңыр - ғарыш туризмінің жаңа бағыты

Байқоңыр - ғарыш туризмінің жаңа бағыты

Үкіметаралық комиссияның шешімі бойынша «Байқоңыр» кешенінде туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде «Бәйтерек» БК» АҚ және «Инфракос» РМК бекітілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай айтты.

- Туристер үшін қалаға және ғарыш айлағына электронды рұқсаттамаларды рәсімдеу процесі жеңілдетіліп, рұқсат алу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, «Инфракос» кәсіпорны туристік нысандар негізінде жаңа маршруттар әзірлеп, Байқоңырдың бірегей ғарыш мұрасын кеңінен таныстыру бағытында жұмыс істеуде. Бұл бастамалар Байқоңырдың туристік әлеуетін арттырып, оны әлемдік деңгейдегі ерекше туристік орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді,-деді, Қайрат Ырзақұлұлы.


Өңірлік коммуникациялар қызметі
02 наурыз 2025 ж. 255 0