Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мобильді қабылдау өткізілді

Мобильді қабылдау өткізілді

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының ұйытқы болуымен көшпелі мобильді қабылдау өткізілді.

Қабылдау Асқар Тоқмағамбетов ауылында өткізіліп, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы, Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, ауыл әкімі мен мекеменің жауапты мамандары қатысты.

Мобильді қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, әлеуметтік мәселелер, тұрақты жұмыспен қамту, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдардың әрекеттері және денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша өтініштер мен ұсыныстарын білдірді.

Әр сұраққа нақты жауап беріліп, мәселелер оң шешімін тапты және заң аясында түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.

24 ақпан 2025 ж. 112 0