Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтері туралы не білуіңіз керек!

Брифинг барасында Самалбек Өмірбаев елімізде дезинфекция жұмыстары адам өмірі үшін маңызды екенін атап өтті. Қазіргі уақытта қызметтің бұл түрімен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес хабарлама бойынша мамандандырылған ұйымдар айналысады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін лицензиялау енгізілді.
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау үшін қолданылатын препараттар мемлекеттік тіркеуге жататынын айтып өтті. Халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтау маңызды:
1) Жәндіктерден өңдеу жүргізу үшін жәндіктер мен кеміргіштерден профилактикалық өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарға жүгіну қажет;
2) Өңдеуді өз бетінше жүргізуге, тіркелмеген, сондай-ақ ветеринария мен фитосанитарияға арналған препараттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
3) Мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, дезинсекция жүргізер алдында объектінің әкімшілігін және баспалдақ алаңы мен жоғарыдағы және төмендегі көршілеріңізді оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шара туралы хабардар етіңіз;
4) Дезинсекция терезелер жабық болған кезде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін бөлме мұқият желдетіледі, желдету жүргізілгенге дейін үйде қалмаңыз, препараттың әсер ету уақытында таза ауада серуендегеніңіз жөн.
Гүлсезім ТАБЫНБАЙ