Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » “Көкжетел ауруы” тақырыбында брифинг өтті

“Көкжетел ауруы” тақырыбында брифинг өтті

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен “ Көкжетел ауруы” тақырыбында брифинг өтті. Брифингті басқарма басшысының орынбасары Омарова Құралай Сайранқызы өткізді.

Көкжөтел ауруы – балалар үшін ауыр вирус түрі. Осы ауру туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның алдын алу жолдарын атап өтті.

Көкжөтел – өткір жұқпалы ауру, ол негізінен ұзаққа созылған ұстамалы жөтелмен көрінеді. Көкжетелдің қоздырғышы – көкжетел таякшасы немесе Bordetella pertussis (Бордетелла пертуссис) болып табылады. Инфекция жағдайдың көпшілігінде бордетелла адамнан адамға 2 метрге дейінгі ауа тамшылары арқылы беріледі. Олар ауыз-жұтқыншаққа немесе мұрын-жұтқыншаққа қонуы мүмкін. Егер адам ластанған ауамен дем алса, тікелей өкпеге енуі мүмкін. Бактерия құрғақ жерде бірнеше күн өмір сүре алады, сондықтан жұқтырған адаммен байланыста болған кезде оны жұқтыру қаупі өте жоғары.

Көкжөтелдің асқынуы

• Жұлын мен миға, көздің, склерасына, бет терісінің беткі қабатына қан құйылу, мұрыннан қан кету;

• екпенің дұрыс жұмыс істеуінің бұзылуы (эмфизема);

• тыныс алу жолдарының үзілу;

• геморройдың пайда болуы, тік ішектің және кіндік немесе шап жарығы шығуы;

• иммунитеттің әлсіреуіне байланысты қосылған инфекциялар.
Алдын алу

Өзіңізді инфекциядан қорғаудың, ең жаксы жолы – вакцинация. Екпе алған адамдарда, тіпті жұқтырған жағдайда да, ауру өте жеңіл түрде өтеді.

Әр адам өз денсаулығына жауапты. Оған немқұрайлы қарамайық!
20 ақпан 2025 ж. 141 0