Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балнұр – республика жүлдегері

Балнұр – республика жүлдегері

Сырдариялық оқушылар ұстаздардан жан-жақты білім алумен қатар, ғылымда да өзіндік талпыныстарын байқатуда. Әрине, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы болашағын бағдарлай алған оқушылар арамызда жеткілікті. Жақында Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушысы Балнұр Орысбаева республикалық ғылыми жоба байқауында жүлдегер қатарынан көрінді.

Ақмола облысына қарасты Шучье қаласында «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жұмысының соңғы кезеңіне аудандық және облыстық дәрежеде іріктеуден өткен оқушылар өзара шеберлік байқасады. Ал Балнұр Орысбаева өзінің қарсыластарынан оқ бойы озып, республикалық білім бәсекесінде ІІ орын жеңіп алды. Оның таңдап алған тақырыбы ретінде «Жеуге жаpамды биoқаптама» таңдалды. Өз кезегінде жұмыстың жетекшісі болып Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейдің биология пәнінің мұғалімі Ақмарал Жарылқасынова бекітілсе, ғылыми жетекшісі – Қoрқыт атa aтындaғы Қызылoрдa унивeрситeтінің aғa oқытушысы, пeдaгогика мaгистpі Гүлшат Оңғарбаева.
Білімді де алғыр оқушыны Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейдің педагогикалық құрамы Қызылор­да қаласындағы теміржол вокзалынан салтанатты түрде күтіп алып, сый-құрмет көрсетті.

– Білім бәсекесінде биік шыңды бағындырған алғыр оқушымыз аудан мерейін асқақтата білді. Әрине, ғылыми жобаның негізгі бағыты айрықша таңдалып алынған. Бүгін­де өзекті мәселеге айналған тағам түрлеріне зерттеу жүргізуі ыжда­ғаттылықты қажет етеді. Бұл ретте, қос жетекшінің еңбегі орасан. Дарынды оқушы Балнұр Орысбаеваны жеңісімен құттықтаймын, – деді мектеп-лицей директоры Үміт Жұмабаева.
Жалпы, «Жеуге жаpамды биo­қаптама» тақыры­бындағы ғылыми жобаны зерттеуге 5 ай уақыт арнал­ған. Аудандық және облыстық кезеңде дара­ланған жобаны зерттеу өз алдына тереңдей түскен. Жобаның бір­қатар артықшылығын Ақмарал Жарыл­қасынова айтып берді.

– Жеуге жарамды қаптама – құра­мын­дағы тағаммен бірге тұтынуға болатын жабын материалы. Қаптамалар, жабындар және контейнерлер сияқты әртүрлі формаларда келеді және крахмал, ақуыздар және целлюлоза сияқты табиғи ингредиенттерді қолдану арқылы шығарылады. Бұл материалдар биологиялық, яғни су, ауа және топырақ сияқты қоршаған орта элементтеріне әсер еткенде оңай ыдырайды. Табиғи биологиялық полимерлерден жасалған жеуге жарамды қаптамаларды ұсыну – синтетикалық пластик қалталар мен қаптамалардың, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар мен контейнерлер секілді қайта өңделмейтін қалдықтардың негізгі шешімі болып табылады. Жеугe жapaмды қaптама тұтынушылap үшiн экoлoгиялық жaғынан тaзa, қaлдықтap бөлмeйтiн, биoлoгиялық ыдырaуға ұшырайтын қapапайым нұcқа. Бұл зерттеуді жүргізудің негізі – пластамаccа қаптамалapына балaма ретінде, үй жағдайында қолжетімді өнімдерден жасалатын, қоршаған ортаға зиянсыз жеуге жарамды қапта­маларды қолданысқа ендірудің мүмкіндіктерін ашу, – деді Ақмарал Құрманбекқызы.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
11 ақпан 2025 ж. 183 0