Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

«Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Заманауи бес кеселдің бірі болып танылған есірткімен күрес Ішкі істер министрлігінің қызметінің ажырамас бөлігі. Осы орайда 1 маусым мен 31 қазан аралығында Республика аумағында «Қарасора-2024» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операция құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтауға жасырын егістіктер және плантатцияларды жоюға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ардақ Дөненов айтты.

- Операцияға Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ғана емес сондай-ақ "Бүркіт" АЖ, Жылдам қыймылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері, ІІМ-нің Ұлттық ұланының тік ұшағымен пилотсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды. Іс-шара кезеңінде 207 есірткіге қатысты заң бұзушылық анықталды. Іс-шара аяқталғанымен бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы күресте қойылған міндеттерді орындау үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалатын боламыз, - деді Ардақ Әбішұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
15 қараша 2024 ж. 152 0