Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » «Қарасора-2023» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Қарасора-2023» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Осы жылдың маусым айынан бастап республика көлемінде «Қарасора-2023» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл қазан айының 31 жұлдызына дейін жалғасады. Аймақтағы ахуалы жайында Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Дуненов тарқатты.

- Қызылорда облысының Полиция департаментінен іс-шараны жүргізуге барлығы 212 қызметкер, 21 автокөлік техникасы, 1 дрон және жергілікті әкімдіктен 6 дрон аппараты жұмылдырылды. ҚР ІІМ Ұлттық Ұланынан 20 сарбаз, 5 автокөлік бөлінді, сондай-ақ әуеден шолу жүргізу үшін әскери тік ұшақ жұмылдырылды. Мониторинг барысында барлығы 6 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 2 есірткі өткізу және 55 есірткі өсіру деректері анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 тонна 890 кг есірткі заты алынды, - деді Ардақ Әбішұлы.

Айта кету керек, іс-шараның мақсаты есірткіге еліткендерді анықтау, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіп-баптауының алдын алу, героин трафигін жою. Сонымен қатар, жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
06 қыркүйек 2023 ж. 417 0