Заң мен тәртіп: Аймақта криминогендік ахуал тұрақты

– Былтыр қылмыс саны 10 пайызға азайды. Сонымен қатар ұрлық 28,2 пайызға, мал ұрлығының 48,5 пайызға тіркелуі төмендеді. Жалпы қылмыстың негізгі түрлері бойынша ашу көрсеткіші жақсарды. Қазіргі таңда киберкеңістікте өте өзекті болып отырған қылмыс түрі – ғаламтордағы алаяқтық. Интернет кеңістіктегі қызмет көрсету түрлері көбейген сайын, оның айла-тәсілі де түрленіп жатыр. Олардан облыс тұрғындарын сақтандыру мақсатында қауіпсіздік шараларын қолдану туралы түсіндірме жұмыстары кеңінен жариялануда. Заманауи технологияның көмегімен атқарылған жұмыстың нәтижесінде аталған қылмыстың 88 дерегі ашылып, 76 интернет-алаяқ құрықталды, - деді Серік Әбдімәуленұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі