Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Бүгін аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №210, 131 мектептерінде «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында оқушы қыздармен еркін форматта кездесу өтті.

Кездесуге аудандық емхананың гинекологы Марал 
Ноғайбекова мен №210 мектеп психологы Әнипа Әлжанова, мектеп аяжаны  Майра Бекжүнісова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Друмова, №131 мектеп директоры  Айнұр Әлиева және аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Жансая Байтәжиева арнайы қатысып, оқушы қыздармен ашық пікірлесті.

Бұл іс-шараның мақсаты: қаракөз қазақ қыздарының бойына халықтық тәлім-тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру. Жалпы гигиена және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің салдары.

Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесі.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
02 ақпан 2023 ж. 523 0