Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Балалар мезгілсіз уақытта жүрмеуі тиіс

Балалар мезгілсіз уақытта жүрмеуі тиіс

Биылғы жылдың маусым айының 11-17 аралығында Сырдария ауданы көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық  іс-шарасын өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан көлемінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстарды, оның ішінде топтық төбелес, суық қаруды тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын-алу, ескерту, жолын кесу екені мәлім. Сондай-ақ қылмысқа бейім оқушылар мен студенттер арасында құқыққа қайшы  іс-әрекеттерге баруына жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату тиым салу көзделген. Олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын  үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, қылмыс жасағандары үшін тізімдік және профилактикалық есепке алу, сонымен қатар тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын  барынша жандандыру болып табылады.

Құқық қорғау саласының мамандары мезгілсіз уақытта жүрген балаларды анықтап, тиісті шара көруде. Алдағы уақытта қылмыс жасаған жасөспірімдер есепке алынатын болады.   

15 маусым 2021 ж. 809 0