Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ауылды дамыту – елді дамыту

Ауылды дамыту – елді дамыту

Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытуға арналған жобаларға тоқталды. Әр қазақтың алтын бесігі саналатын ауыл – елдің асыраушысы. Ауылды дамыту арқылы, халқымыздың әл-ауқаты артады. Бүгінде ауылдық жерлерді жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдаулар бар. Президент атап өткендей мемлекеттік бағдарламаларды бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ. Ел игілігін көріп отырған «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы біздің ауданымызда да тиімділігін көрсетті. Бір ғана мысал, Бесарық ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен кәсіпкерлер өз бизнестерін бастап, табыс тауып отыр. Тиімді, әрі тұрғындар үшін табыс көзіне айналған бағдарламаны барлық ауылдарда іске асырған жөн.

Негізінен ауыл шаруашылығын кәсіп еткен ауыл тұрғындары бірыңғай мал немесе егін шаруашылығымен айналысып қана қоймай, тың кәсіп көздерін тауып, тұрмыс сапасын жақсартып, әрі табыс көзіне айналдыруы керек. Осы уақытқа дейін ірі шаруашылықтарда салынған мал бордақылау алаңдарының жұмысының тұралап қалуы оған жұмсалған қаражаттың босқа кеткенін көрсетеді. Сондықтан әрбір бастаманың маңызын ескеріп, қаржы бөліп, мәселенің шешіміне қарай бағыттау орынды. Президент айтқан «ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр», деп айтуының маңызы бар. Айналып келгенде халықты асыраушы ауылдың ахуалын дұрыстау қажет.


Шаһарбек НҰРСЕЙІТ,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы

28 қаңтар 2025 ж. 484 0