Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?
Менингит – бұл қорқынышты ауру, көбінесе мүгедектікке немесе өлімге әкеледі. Мұны адамның көбі біледі. Бірақ көбінесе «Менингит дегеніміз не?» және «Менингитке қалай шалдықпау керек?» деген сұрақтардың жауабын өкінішке орай, халықтың көпшілігі білмейді.
Негізгі анықтама бойынша, менингит – бұл ми немесе жұлын мембраналарының қабынуы болып келеді. Инфекциялық процеске ми заты қатысқан кезде «энцефалит» термині қолданылады, менингоэнцефалит жиі көрінеді. Этиологиясы бойынша инфекциялық және инфекциялық емес деп ажыратылады; сонымен бірге клиникалық ағымы бойынша жедел менингит, субакуталық менингит (антибиотиктерді қолданбау ұзақтығы 2 аптадан асады), созылмалы менингит (антибиотиктерді қолданбау ұзақтығы 1 айдан асады). 80% жағдайда менингиттің қоздырғышы менингококк, гемофильді инфекция және стрептококк болып табылады. Күз, қыс, көктем мезгіл кезеңінде, қарашадан бастап сәуірге дейін науқастардың саны артады. Ондай кезде температураның ауытқуы, дененің гипотермиясы, жаңа піскен жемістер мен көкөністердің шектеулі мөлшері, көп адамдар бар бөлмелерде желдетудің жеткіліксіздігі сияқты жағдайлар ықпал етеді.
Менингит қалай көрінеді және оның диагнозы қандай? Менингитпен ауыратын балалардың ата-аналары көбінесе аурудың басталу күні мен сағатын дәл айта алады. Сонымен қатар, шағымдардың ең көп тарағаны температураның маңызды сандарына дейін күрт көтерілу болып табылады. Осы сәттен бастап әр сағат қымбат. Бұл аурудың одан әрі асқынуы мен нәтижесі дәрігерге уақтылы қаралуына байланысты. Әдетте, дене қызуынан басқа, ауру кезінде қатты бас ауруы, жүрек айнуы және құсу байқалады. Бұл жағдайда клиника суық тиюге ұқсас болуы мүмкін. Болашақта, егер температураны уақтылы төмендепесе, симптомдар күшейіп, ұйқышылдық, сананың жоғалуы пайда болып, сандырақ басталуы мүмкін ал кішкентай балаларда кейде сіңір тартылып немесе құрысулар болуы мүмкін. Кейбір менингит ауруларда теріде нүктелік қан кетулер және кішкентай күлгін дақтар пайда болуы мүмкін. Мойынның ауыруы мен қаттылығы пайда болады.
Өзіңізді және балаңызды менингит тудыратын инфекциядан қалай қорғауға болады?
– қайнатылған су ішіңіз.
– қолыңызды жуыңыз. Инфекцияны болдырмау үшін қолды мұқият жууөте маңызды. Балаларыңызға қолды жиі жууға үйретіңіз, әсіресе тамақтанар алдында, қоғамдық жерде болғаннан кейін, сондай-ақ олар жануарларды ұстағаннан кейін;
–даладан оралғаннан кейін бетіңізді жуыңыз және тамағыңызды қарапайым сумен шайыңыз;
– өз денсаулығыңызды сақтаңыз. Қалыпты демалу, үнемі жаттығулар жасау және жаңа піскен жемістер мен көкөністерге бай дұрыс тамақтану арқылы иммундық жүйеңізді сақтаңыз;
– жөтелген немесе түшкірген кезде аузыңызды жабыңыз. Бұл өзіне және басқаларға қамқорлық жасайтын адамдар ұстануы керек қарапайым ереже.
Менингитті емдемей әр ана профилактикалық егу жүргізу арқылы баланың ауруын алдын ала алады. Қазіргі уақытта гемофильді және менингококкты инфекциядан туындаған ауруларға қарсы вакциналар бар. Қазақстанда балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Профилактикалық егу мерзімдеріне сәйкес, пневмококк инфекциясына қарсы үш мәрте вакцинациялауға өмірінің 2 айынан бастап, одан әрі 4 айында, кейіннен 12-15 айында вакцинаның бір дозасымен ревакцинациялауға жататын барлық балалар жатады.
Учаскелік педиатр балаға екпе жүргізу керек деп айтса елемеңіз! Егер сіз балаңызға вакцинация екпесін салдыртпасаңыз, балаңызға зиян келтіре аласыз иммунитеттің болмауына байланысты оны ауруды жұқтыру қаупіне ұшыратуыңыз мүмкін! Сол үшін вакцинация екпесіне қарсы ата-аналарға өтініш – ойланыңыз!
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ