Менингит ауруының белгілері қандай және одан қалай сақтану керек - дәрігер кеңесі
Алматы қалалық N16 емхананың инфекционист дәрігері Кәмшат Ибраева менингиттің алғашқы белгілері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дәрігердің айтуынша, менингит пен ЖРВИ-дің белгілері ұқсас, сол себепті оларды шатастырып алуға болады.
Дәрігердің айтуынша, менингит пен ЖРВИ-дің белгілері ұқсас, сол себепті оларды шатастырып алуға болады.
«Менингит - бұл өте күрделі ауру, оны мүмкіндігінше тезірек анықтау маңызды. Сондықтан төменде аталған белгілер анықталған жағдайда шұғыл емханаға бару немесе жедел жәрдем шақыру қажет.
Менингиттің негізгі белгілері - бас ауруы болып табылады. Адамның басы қатты ауырып, тіпті, ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдаған соң да бас ауруы тоқтамады мүмкін. Науқас көздің, мойынның ауырсынуына шағымданады, айқын интоксикация пайда болады, егер менингококцемия қосылса, теріде геморогиялық бөртпелер болады. Сонымен қатар, ауруды тегіс жерге жатып, аяқты тік көтерген кезде ауырсынудан тануға болады. Менингит кезінде науқас мұны істей алмайды. Егер кейбіреулері аяғын көтерсе, мойын мен бастың ауырсынуын сезінуі мүмкін. Әрі қарай, дене температурасы 39-40 градусқа дейін жетуі мүмкін, мидағы қысымның жоғарылауына байланысты құсу пайда болады», - деді дәрігер.
Менингит белгілеріне - жарық пен дыбысқа сезімталдық, тәбеттің болмауы, әлсіздік те жатады. Ал қауіпті белгілеріне: құрысулар, тыныс алудың қиындауы, сана-сезімнің төмендеуі болып табылады. Бұл жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету қажет.
«Егер сізде осы белгілер байқалса болса, дереу дәрігерге қаралу керек. Уақытылы көмек болмаған жағдайда ауыр асқынулар, оның ішінде ми қызметінің бұзылуы, сал ауруы, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Дәрігерге уақытылы бару ғана науқастың өмірін сақтап қала алады. Уақытылы басталған ем нәтижесін береді», - деді Кәмшат Ибраева.
Егер науқас уақытында дәрігерге жүгінбесе, онда бірнеше күн жоғалтуы мүмкін. Егер менингит белгілері бар науқас үйде 2-3 күн уақытты өткізіп алса, онда барлығы ағымдағы жағдайға байланысты болады. Егер белгілер кенеттен пайда болса, онда өлімге әкелуі мүмкін. Бұл ретте көп нәрсе уақытқа байланысты.
Жалпы, менингококцемия - қанда менингококктың бар екенін білдіреді.
Дәрігер аурудың маусымы жаз, күз мезгілдерінде белсенді болатынын атап өтті.
«Өзіңіз бен балаларыңызды менингиттен қорғау үшін жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау керек. Яғни, тамақ ішер алдында қолыңызды мұқият жуыңыз, көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз, оларды қайнаған сумен шайыңыз. Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз. Тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз, шомылу кезінде суды жұтып қоймауға тырысыңыз, өйткені вирус сыртқы ортада төзімді және суда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Адамдар көп жиналатын жерден аулақ болыңыз, бөлмелерді жиі желдетіңіз», - деп ескертті дәрігер.
Сондай-ақ, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аурудың таралу жолын хабарлады.
«Естеріңізге салайық, ауру ауа-тамшы жолымен беріледі. Егер отбасында бір адам жұқтырған болса, онда емханаға хабарлама беріледі және барлығы тексеріледі. Егер отбасы мүшелерінде симптомдар табылмаса, онда мұрын - жұтқыншақ жағындысы алынады», - деп хабарлады ведомствода.