«Көгілдір отын» – көптен күткен игілік

Партиялық бақылауға ауыл әкімдігінің маманы М.Салқадинов, мердігер мекеме өкілі қатысты. Партиялық бақылау барысында аудандық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Марат Бакуов газдандыру жобасының сапалы әрі уақытылы аяқталуы өте маңызды екенін айтып, бұл Жол картасының да жоспарында тұрғанын жеткізді.
– Табиғи газдың игілігін халық, оның ішінде ауыл тұрғындары көруі керек. Бұл бағытта партия халыққа берген уәделерін кезең-кезеңімен орындауда. Партиялық бақылауда С.Сейфуллин ауылын газдандыру жобасымен таныстық. Алдағы уақытта ауыл халқы газ игілігін көретін болады. Басқа да нысандар бойынша партиялық бақылау жүргізіледі, – деді аудандық мәслихат депутаты.
Газдандыру – жалпы ел үшін стратегиялық маңызды жоба. Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттың бірі. Ауданда газдандыру қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде Сырдария ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 35 пайызды құрап отыр. Халықтың тұрмысын жақсарту мен елді мекендерді дамытуға бағытталған ауқымды жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Алтынай ҚАЙРАТҚЫЗЫ