Қос ауылдағы қуаныш

– Бүгін Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деп атап өтті. Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 па йыз, биыл 30 млрд теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың арқасында аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған. Осындай игілікті істер ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әлауқатын арттыруға жол ашады. Өткен жылы Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд теңге болса, қазіргі таңда 16 млрд 108 млн теңгеге жетті, 33 пайызға өсім бар. Бұл қаржы аудан халқының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда. Бүгін ауыл халқы от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. «Көгілдір отыннан» тараған жылу барлық үйді бақыт пен шаттыққа кенелтсін! – деді аймақ басшысы.
Іс-шараларда «Құрмет» орденінің иегері Сұлтанбек Тәуіпбаев, еңбек ардагері Әбдіғаппар Әмірғалиев сөз сөйлеп, ауыл халқын жақсы жаңалықпен құттықтады.

Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы екі ауылдың тұрғын дармен кездесіп, атқарылған жұ мыстар, алдағы бағыт-бағдар туралы айтты. Әсіресе, қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға тоқ талды, кездесуге келушілердің ойпікірлерін тыңдады.
– Биыл, міне, ауылымыз көптен күткен «көгілдір отынға» қосылып отыр. Ауыл тұрғындарының қуа нышында шек жоқ. Енді тұр ғындардың тұрмысы жеңілдей түс пек. Отын жару, көмір тасудың өзіндік машақаты бар. Ауыл тұр ғындары жылыту жұмыстарынан қиналмайтын болды. Ауылдың көркеюі – елдің көркеюі. Еліміз өркендеп, дамудың даңғыл жолында болайық, – дейді ауыл тұрғыны Уәлихан Өмірзақов.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ