Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ескерткіш орнату қағидаларына өзгеріс енгізілді

Ескерткіш орнату қағидаларына өзгеріс енгізілді

Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына өзгеріс енгізілді. Бұдан кейін бір елді мекенде бір аса көрнекті тұлғаға немесе маңызды оқиға бір ғана құрылыс орнатылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының басшысы Ерқазы Алданазаров мәлімдеді.

- ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Монументтік өнер құрылыстарын орнату қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң орнатылады. Республикалық деңгейдегі БАҚ беттерінде және жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында жұмыс жобаларына республикалық конкурс жарияланады. Республикалық комиссияның қарауына кемінде 3 жұмыс жобасы ұсынылады. Монументтік өнер құрылыстары мемлекеттік меншіктегі жалпы ортақ пайдаланылатын орындарда орнатылады. Талаптарды ескермей ескерткіштер орнатылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады, - деді Ерқазы Алданазаров.
26 желтоқсан 2024 ж. 221 0