Темірбек Жүргенов мұрасы: зерттелуі мен жасампаздығы

–Тағылымы мол танымдық іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу және насихаттау. Оның мәдениет және өнер, білім беру саласындағы мұрасын қазіргі заманға бейімдеп, талқылау. Сондай-ақ еңбектерін таныстыру, үлгі ету, – деді үйірме жетекшісі А.Сағатова.
Қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан Темірбек Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан конференцияда 8-9 сынып оқушылары өздері дайындаған тақырыптарда баяндама оқыды. Тереңнен зерттеліп, баяндамаға арқау болған тақырыптар Темірбек Жүргеновтің өмірбаяны және тарихи маңызы, Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі. Сонымен қатар, білім саласындағы реформаторлық қызметі, ұлттық өнер мен театрдың қалыптасуындағы рөлі. Мұнан бөлек Т.Жүргеновтың замандастары мен олардың ынтымақтастығы атты тақырыптарда мазмұнды баяндамаларын таныстырумен қатар дайындаған бейнероликтерін таныстырды.
Іс-шара соңында мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Серікқызы мен мектеп-лицей кітапханашысы Үміт Алашбаева сөз сөйлеп, танымдық конференцияны қорытындылады. Конференция барысында өз ізденімпаздықтарын, білімділіктерін көрсете білген А.Балтабай, Е.Әскербекова, А.Алмасқызы, А.Русланқызы, Д.Спандиярова, И.Сламбек, А.Амангелдиева арнайы Алғыс хатпен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Т.ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫ