Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ойлан және ақша жина

Ойлан және ақша жина

«AMANAT» партиясының ұйымдас­ты­р­уымен өткен «Мұғалім Talks» кейс-платформасы жиы­нына қатысқан №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Заманбек Аманбеков оқушыға жаңа әдіс-тәсілді қолдана отырып, сабақ беруге дағдыланған. Білімді жас әрқашан оқушының қабілетін логикалық сұрақ арқылы шыңдап отырады. Өз кезегінде жас ұстаздың басылым оқырмандары үшін дайындаған логикалық бірнеше сауалын ұсынамыз. Логикалық тапсырманың жауабын 87002571201 ұялы байланыс нөмеріне хабарласып білуге болады.

Қоғамдық көлікте жүру ақысы оқушылар үшін қолма-қол төлемде 40 теңге, ал жолақы­ны SMS арқылы Beeline мобильді теңгерімнен төлесе, төлем сомасының 20%-ы (cashback) кері қайтарылады. Жол ақысын қалай төлеген тиімді? Әр төлемнен қанша теңге үнемдеуге болады?

***
Данияр әр медициналық тексеріске 7000 теңге тө­лейді. Бір жылда ол 6 рет тексеруден өтеді. Егер ол бір жылдық медициналық сақ­тан­дыру сатып ал­са, барлығы 35000 теңге болады. Данияр қанша теңге үнемдейді?

***

Маржан әр жазда туристік сапарға шығып, қонақ үй мен экскурсияларға жалпы 150000 теңге жұмсайды. Егер ол 6 ай бұрын бронь жасаса, оған 20% жеңілдік беріледі. Маржан қанша теңге үнемдейді?

***

Алина ай сайын 20 рет дүкеннен нан сатып алады. Әр нан 80 теңге тұрады, бірақ егер бір айға жететіндей 20 нанды бірден алса, әрқайсысы 70 теңгеден болады. Алина ай сайын қанша теңге үнемдейді?

***

Аслан күнде таксимен үйден мектепке 600 теңгеге барады. Бірақ егер ол айлық автобус картасын алса, бір айға (22 жұмыс күні) 7000 теңге төлейді. Аслан ай сайын қанша теңге үнемдейді?
***

Әлия ағылшын тілі курсына ай сайын 8 рет қатысып, әрбір сабақ үшін 2500 теңге төлейді. Егер ол бір айға жазылып төлем жасаса, барлығы 18000 теңге болады. Әлия ай сайын қанша теңге үнемдейді?

***

Марат әр апта сайын 7 күн бойы таңғы асқа 200 теңгеден жұмсайды. Егер ол аптаның соңғы 3 күнінде жеңілдікпен таңғы асты 150 теңгеден алса, аптасына қанша теңге үнемдейді?

21 желтоқсан 2024 ж. 42 0