Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өсімдіктер карантині саласының негізгі міндеттері

Өсімдіктер карантині саласының негізгі міндеттері

Өсімдіктер карантині – мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантиндік аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады.

Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантидік нысандардан қорғау болса, ішкі карантиннің негізгі мақсаты – Республика аумағында кездесетін, бірақта әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу.

Қызылорда облысының әкімінің 23 қазан 2013 жылғы № 334 қаулысына сәйкес, 2 зиянкес (калифорниялық қалқанша сымыры, қауын шыбыны) 2 арамшөп (арамсояу, кекіре) карантиндік обьекті болып жарияланған.

Карантиндік шараларды аудан көлемінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекет инспекция комитетінің Сырдария ауданы бойынша уәкілетті орган, аудандық аумақтық инспекция жүргізеді және бақылауды тікелей жүзеге асыру кезінде бірқатар құқықтар мен міндеттер берілген.

Сондықтан аудан көлеміндегі жеке және заңды тұлғалар жыл сайын тұрақты егіске және өткізуге дайындалған тұқымдарын карантиндік нысандардан тазалап, тексеруге ұсыну Заңмен міндеттелген.

Осы орайда аудан көлемінде орналасқан ауыл шаруашылығын өндірушілер өздеріне бекітілген егіс көлемінен карантиндік нысандар анықталса, уәкілетті органға хабарлап, химиялық, агротехникалық шаралар жүргізуге міндетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 400-бабының 1-бөлігінің 5, 7-тармақтарына сәйкес карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбау, отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін пайдалану, әкімшілік жауапкершілікке алып келетінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарын орындау баршамыздың міндетіміз.

Н.Аманов,
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы


26 қараша 2024 ж. 40 0