Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қоғау» ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Жалпы міндеттер ауқымына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңының сақталуын, мемлекеттік бақылау және қадағалау, карантиндік объектілерді анықтау, оларды оқшаулау, жою және олардың енуін алдын алу, Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден карантинді объектілердің әкелінуінен және енуінен қорғау болып табылады.

Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда:

1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру;

2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру.

Жоғарыда аталған көрсетілетінмемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қоғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Ауылшаруашылығы министірінің 2015 жылға 29 маусымдағы №15-08/590 санды бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметі  2 жұмыс күні ішінде, сондай-ақ, «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік қызметі 8 (сегіз) жұмыс сағаты ішінде рәсімделеді. Өз кезегінде АШТӨ (ауылшаруашылығы тауарын өндіруші) жеке және заңды тұлғаларға уақыт үнемдеп, тез бұзылатын карантиндік өнімдерді межелі орнына уақытынан кешіктірмей жеткізуге жол ашады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті алушы тұлғалар қызметті алуға өтінім бермес бұрын импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарымен танысып, қажет болған жағдайда, ИКР (импорттық карантиндік рұқсаттама), фумигация құжаттарын дайындау керек.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Аумақтық бөлімшенің кеңсесі карантинге жатқызылған өнімді ҚР-нан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға және республика аумағына әкетуге карантиндік сертификат алуға өтініш сағат 17:30 дан кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

Инспекция ғимаратында өзіне-өзі қызмет қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасауда.Мемлекеттік қызмет көрсету стендімен жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көмек көрсету тетігі және мүгедектерге арналған пандус орнатылған.

Қорытындылай келе, Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы ауылшаруашылығы тауарларын өндіруші тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге, кеңес беруге әрқашан дайын. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін екенін ескертеміз. Инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша жеке және заңды тұлғалар Ш.Құндызбаев 41А мекен жайына келіп немеме 21-4-65номеріне хабарласып инспекция  мамандарынанкеңес алуына болады.

Н.АМАНОВ,
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының бас маман – өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
21 мамыр 2024 ж. 196 0