Мекеме басшысы қоғамдық қабылдау жүргізді.
2022 жылдың 01 шілдесінде аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» бағытында Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Батырханұлы Наурызбаев аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдау жүргізіп, мекеменің жұмыстары жайлы ақпарат берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы бойынша 2022 жылдың осы кезеңіне дейін жұмыстар атқарылуда.
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік бақылау және қадағалау функциясымен қоса мемлекеттік қызмет көрсетті.
2022 жылдың көктемгі-жазғы айларында азиялық шегірткенің және италиялық прустың дернәсілдер кезеңіңе қарсы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарын «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалының мамандары атқарды. Тексеру жұмыстары аудан көлеміндегі жайылымдық, шабындық және ауыл шаруашылығы дақылдары егілген егістік жерлері толық қамтылатын болады. Қазіргі уақытта италиялық прусқа қарсы 89,700 мың гектар жер зерттеліп, 280 гектар жер залалданғаны анықталып, оның 200 гектар жері өңдеуге жатқызылды. Ал азиялық шегірткеге қарсы 99,700 мың гектар жер зерттеліп, 3860 гектар жер залалданғаны анықталып, оның 3500 гектар жері өңдеуге жатқызылды. Осыған байланысты италиялық прусқа қарсы 200 гектар жерге, азиялық шегірткеге қарсы 3500 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Химиялық өңдеу жұмыстарын әуекомпания «Авиасила» ЖШС және ЖК «Аккөзов Б.Ж», «Таштенбаева» жүргізді.
Өсімдіктер карантині саласы бойынша
Ал өсімдіктер карантині саласы бойынша келер болсақ, облыс аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау және карантиндік обьектілердің өзге облыстарға, өзге мемлекеттерге шығып кетпеуі мақсатында бақылау, қадағалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 2022 жылы 18 қаңтарда Аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне «Өсімдіктер карантині саласының негізгі міндеттері» тақырыбында мақала берілді (16 мың) 88 ауылшаруашылығы тауар өндірушілерге өсімдіктер карантині саласын насихаттау жөнінде қатынас хаттар берілді.
Сонымен қатар 2022 жылға құйылған ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарынан сынама алынып, Қызылорда облыстық карантиндік зертханаға барлығы 63 дана үлгі жіберілді. Карантиндік зиянды организмдермен арамшөптерді жою жөнінде 6 дана нұсқама берілді.
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптарына сәйкес, шет елге және Қазақстанның басқа облыстарына шығатын, келетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйі тексерілуде. Жыл басынан Карантинге жатқызылған ақталған күріш өніміне барлығы 14 дана фитосанитариялық сертификат және 3 дана карантиндік сертификат берілді.
Шара барысында М.Наурызбаев тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жеке қабылдау жүргізді.
«Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры