Карантиндік арамшөп арамсояу
Арамсояу – шырмауықтар тұқымдасы, қос жарнақтылар класына жататын біржылдық өсімдік. Бұталы және мәдени өсімдіктерді зақымдайтын қауіпті паразитті зиянкес, карантиндік арамшөп.
«Арамсояу» (сарышырмауық) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен белгіленген «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілерме бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне» енгізілген.
Морфологиясы: Арамсояулардың жапырақтары болмайды. Тамырлары ерте көктемде өсіп шығып, жанындағы өсімдікке оралып, жабысу арқылы паразиттік өсіп-өнетін карантиндік обьектілер қатарына жатады.
Көбеюі: Тұқым арқылы және вегетативтік түрде жайылып егістік алқаптарын және мәдени өсімдіктерді жаппай басып қалады.
Сабағы жіп немесе бау тәрізді, сары, жасыл-сарғыш түсті болады. Арамшөп иелерін шырмап, сору арқылы шырындарымен қоректенеді. Гүлдері майда (2-7 мм), ақшыл, қызғылт, жасыл, түсті, домалақ пішінді. Тұқымы бірнеше жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпайды. Егер тұқымы жақсы толық жетілген болса, көзбен көру арқылы басқа тұқымдардан оңай ажыратуға болады.
Зияндылығы: Арамсояулар мәдени өсімдіктердің заталмасуын тежейді, өйткені олар органикалық және бейорганикалық қоректік заттарын сорып, әлсіретеді. Арамсояумен зақымдалған өсімдіктердің пішіндері көгеріп, құнарлылығын жоғалтады, оны жеген жануарлар уланып, ауыратын болады.
Арамсояу құрамында кускудин және кусталин алкалойдтары болады. Олар өсімдіктердің жамылған тканьдерін зақымдайды, осылайша зиянкестер мен ауруларын көбейтеді. Сонымен бірге, карантиндік зиянкес бір өсімдіктен екінші өсімдікке вирустар таратушы болып табылады.
Таралуын болдырмау шаралары: арамшөп анықталған жағдайда, жою үшін агротехникалық шаралар (түбімен жұлу, ору, шабу) атқару ,сонымен қатар зиянкестің таралуын тоқтату мақсатында түрлі препараттармен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет. Химиялық әдіспен өңдеу шараларының тиімділігі жоғары.
Жалпы арамсояудың таралуы бұл тек айналадағы бұталы ағаштармен, мәдени өсімдіктерге ғана емес, жануарлар үшін де қауіпті.
«Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 18 бабы 2 бөліміне сәйкес яғни жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерге, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс –шаралар жүргізу өкілетті органмен оның аумақтық бөлімшелерінің өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі нұсқамалары бойынша меншік иелерімен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Заң талаптарына сәйкес берілген нұсқама орындалмаған жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабы 3 бөліміне сәйкес әкімшілік шара көру қарастырылған.
Осыған байланысты, сарышырмауық карантиндік зиянкестің таралуын өзіңіздің бақшаңыздан, аула алдынан, жұмыс орны маңайынан байқасаңыз, таралуын болдырмау шараларын атқару маңызды.
Н.Аманов,
Сырдария аудандық аумақтық
инспекциясының бас маман
өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы
Сырдария аудандық аумақтық
инспекциясының бас маман
өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы