Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жалағаш ауданында 2 ауыл газға қосылды

Жалағаш ауданында 2 ауыл газға қосылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданының «Ақсу», М.Шәменов ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті. Аймақ басшысы көптен күткен игілікті пайдалануды бастаған тұрғындарды құттықтады.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деген болатын.

Елді мекендерге жеткізілген инфрақұрылым мұндағы халықтың әл-ауқатын арттырады, кәсіпкерліктің өркендеуіне, басқа да бастамаларға жол ашады. Өткен жылы Жалағаш ауданының бюджеті 10 млрд. 848 млн. теңге болды. Биыл 12 млрд. 215 млн. теңгеге жетті, 12,6 пайыз өсім қалыптасты. Бұл қаржы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын жобаларға бағытталуда. Кейінгі 3 жылда ауданда 4 млрд. 400 млн. теңгеге 104 шақырым ішкі көшелер мен аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Тағы 1 млрд. теңгеге 7 шақырым ауыз су жүйелері, 1 млрд. 400 млн. теңгеге электр желілері жаңартылды, 51 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Таң», Мырзабай ахун, Есет батыр ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне табысталды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 572 млн. теңгеге 250 орындық «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» ашылды. Сондай-ақ «Таң» ауылындағы мәдениет үйі мен Бұқарбай батыр ауылындағы мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде «Аққыр» ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Қаракеткен» ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Жалағаш кентіндегі «Руханият орталығының» құрылысы жүруде. Бұл жұмыстарға 2 млрд. 200 млн.теңге қаржы бағытталды.

Елдің дамуы ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегі сіздердің бірліктеріңіз бен тату тірліктеріңізге байланысты. Бүгін әр үйге қосылған «көгілдір отын» отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Туған жеріміз – Сыр өңірі қарыштап дами бергей!», – деді Н.Нәлібаев.

Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы екі ауылдың тұрғындарымен кездесіп, атқарылған істер, алдағы мақсат-міндеттер туралы айтты. Инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға, ауыл тұрғындарына ұсынылатын мүмкіндіктерге, аймақта қолға алынған жобаларға жан-жақты тоқталды. Кездесуге келушілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 қараша 2024 ж. 77 0