Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дене қозғалысының белсенділігі – дертті болудан сақтайды

Дене қозғалысының белсенділігі – дертті болудан сақтайды

Саламатты өмір салтын ұстануда дене қозғалысына арнал­ған жаттығумен айна­­лысу – маңызды рөлге ие. Бүгінде аудан орта­лығындағы орталық стадионда таңертеңгілік жаттығу жасайтын жандар қатары аз емес. Күнделікті қалыпты іс-әрекетіне айналдырған көпшілік сан түрлі жаттығуға ден қойып, жүгірумен, спорттық жүріспен айналысады.

Тұрақты спортпен шұғылданатын жандар арасында нәзік жандар басым. Олар таңғы жаттығу жасауда қатаң ережеге бағынады. Ең алдымен, дене қыздыру мақсатында 10-15 айналым спорттық жүріске басымдық береді. Содан кейін кезең-кезең бойынша арнайы құрылғылардың көмегімен жаттығу жасауға уақытын арнайды. Айта кетерлігі, саламатты өмір салтын ұстануда егде тартқан қарт кісілердің белсенділігі жоғары.

Орталық стадионның жаттығу алаңында артық салмақтан арылғысы келетін көпшілік тәжірибесі толысқан мамандар кеңесіне жүгінеді. Негізінен, диетолог маманның айтуын­ша, артық салмақтан арылу үшін күніне 10 шақырым жаяу жүру керек. Расында, қимыл-қозғалыстың көп болуы – инсульт, инфарк, астма дертінің алдын алады. Күнделікті дертті болудан сақтанатын Тереңөзек кентінің тұрғыны Нұрлан Күдебаев спортпен шұғылдануға қатысты пікірін білдірді.

– Өзім бірнеше жылдан бері дене бел­сенділігін арттырып келемін. Таңертең кардио жаттығу жасау арқылы қан айналым жүйесін реттеймін. Жақында досым инсульт алған болатын. Әр күн сайын оны жаттығу алаңына әкеліп, дене қозғалысының қалыпқа келуіне жәрдемдесемін. Осы күні жас­тар да спортқа әуес екендігін байқатады. Жас­тардан қалыспайтын өз басым бірнеше шақырым қашықтықта жүгіремін, – дейді Нұрлан Күдебаев.

Шындығында, кардио жаттығу жасауда адамға ептілік керек. Өзіндік техникасын меңгермеген жағдайда денсаулықты зақымдап алу қаупі жоғары. Мұндайда зейнет жасына жеткен қарт кісілерге өз ақыл-кеңесін айтудан жалықпайтын Бегалы Серікбаев үшін спорт өмірінен алшақтамайтын құнды дүниеге айналған.

– Спортпен шұғылдануға дағдыланған жергілікті тұрғындардың көптігі көңілге медеу сыйлайды. Жылдың әрбір мезгілінде жиналатын олардың өмірге деген құлшынысы керемет. Кәсіби маман ретінде барлық адамға бағыт-бағдар беремін. Бір жылдары өзара бірнеше спорттық жарыстан бақ сынап, жеңімпаздарды анықтаған едік. Тұрақты спортпен шұғылданатын жандар созылмалы дерттің алдын алып, күні бойы сергек жүруге тырысады. Әйтпесе, соңғы уақытта инсульт және инфарк дертіне шалдыққан науқас қатары азаяр емес. Бұның барлығы – дене қозғалыстың аздығынан туындайды, – дейді О.Әбілпаттаев атындағы №210 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бегалы Серікбаев.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
19 қараша 2024 ж. 91 0