Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сергектік сыйлағанымен...

Сергектік сыйлағанымен...

Адам өмірінің айнымас бір бөлшегіне айналған энергетикалық сусынның зияндылығын көпшілік ескере бермейді. Бүгінде жас та, жасамыста тәуілді болған қаншама сусынның адам өміріне қауіптілігі жоғары. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусынды сатуға тыйым салатын арнайы заңға қол қойды. Келесі жылдың басынан бастап күшіне енетін заңдағы бірнеше норманы сусынды өндірушілер мен сатушылар қаперге алған абзал.

Дүкен сөресінде қаз-қатар тізілген энергетикалық сусынның құрамына тұтынушы қауым мән бермейтіні жасырын емес. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11-15 жас аралығында жасөспірімнің 17,5 пайызы аталған өнімдерді тұтынады. Адамды ұйқысыздыққа, жүрек және жүйке ауруына, қан қысымының жоға­­ры­лауына шалдықтыратын энер­ге­тикалық сусында кофеин мен қант мөлшері шамадан тыс көп. Кофеин әсері адам ағзасында 3-5 сағат сақталады. Зияндылығы басым өнім­ді тұтынатын көпшілік денсаулық жағдайын нашарлатып алып жатады. Мұндайда адам ағзасы зиянды сусынға төтеп бере алмағандықтан, маңызды мүшелер зақымдала түседі.

Қоғам өмірінде энергетикалық су­сынды ұзақ жолға жолаушы тасымалдайтын автокөлік иелері жиі пайдаланады екен. Көбіне горилла, диззи ішетін жандар ұзақ жұмыс жасағанда, ұзақ жолға шыққанда ұйықтамау үшін қолданатындығын алға тартады. Адамға сергектік сыйлайтын сусынның әрбірі азғаға ауыр соққы әкелуде. Энергетикалық сусынның зиян­дылығы жөнінде ақ халатты абзал жандар қаншама рет дабыл қақ­қанымен, естір құлақ аз.

Осы күні еліміз бойынша энер­гети­калық сусынның зардабынан бақи­лық­қа аттанған жандар қатары аз емес. Ең алғаш адам өлімінің дерегі 2009 жылы тіркелген. Содан бері Франция мен Данияда энергетикалық сусынды пайдалануға түпкілікті ты­йым салынған. Көбіне ер азаматтар қайғылы жағдайға ұшырап жатады. Күніне 4-5 құты сусын ішетін олар өз өмірлерін қиындыққа ұшыратады. Көбіне сусынға тәуелділігі басым адамның ағзасында сұйықтық жоға­лып, салдарынан қанның тұтқырлығы артады.

– Энергетикалық сусынның жар­на­масы өтімді болғаны сон­шалық, тұтынушы қатары шамадан тыс көп. Мектеп жасындағы жас­өспірімдер горилла, диззи, ред булл секілді сусынның қауіптілігіне назар аудармайды. Бұған ата-ана жауап­кер­шілікпен қарағаны жөн. Баланың бола­шағы үшін зиянды өнімнен бір­жолата бас тартқан тиімді. Жастар арасында көптеген түсініспеушілік іс-әрекет орын алуы – жүйкенің шар­шауының салдарынан орын алады. Тәулігіне 4-5 энергетикалық сусын ішетін жастар өз өміріне балта шаппауы керек. Заң аясында шектеу шарасы қолдану керектігін құптаймын, – дейді аудандық мәслихат депутаты Марат Бакуов.

Тиісті заң қабылданды. Мемлекет қатаң шаралар қолдануға бекінді. Ендігі жерде халықтың энергетикалық сусынды шектеп қолдану мәдениеті қалыптасса игі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
Фото: ortalyq.kz
19 қараша 2024 ж. 83 0