Әр балаға тең мүмкіндік

- Жыл басынан бері консультациялық пункттерге 312 бала қамтылып, олардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Аймақтағы мектепке дейінгі ұйымдардың базасында инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарататын 48 құзыреттілік орталық жұмыс істейді. Биыл алғаш рет мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері бірінші сыныпқа келетін барлық мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің жеке даму карталарын цифрлық форматта толтыруда. Бүгінгі таңда облыста мектеп жасына дейінгі балалардың 100 % жеке даму картасы толтырылған, - деді Бағдат Камбозұлы.