Білім саласы – елдің ертеңі

- Биыл жалпы білім саласының бюджеті - 278 млрд теңгені құрады. Оның 245 млрд теңгесі білім басқармасына, 33 млрд 100 млн теңге - білім нысандарының құрылысына бөлінген қаржы. Бұл өткен жылмен салыстырғанда орташа есеппен 19%-ға артық. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы ретте 8 мыңнан астам тәрбиеленушінің тегін тамағына қажетті 1,6 миллиард теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Балабақшаларға жолдамаларды есепке алудың, ата-аналарға 4 балабақшаға дейін таңдау құқығын бере отырып, кезекке тұру мен оны берудің республикалық бірыңғай цифрлық базасы жасақталуда, - деді Асқарбек Темірбекұлы.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6 160 педагог жұмыс істейді. Оның жоғары білімдісі – 4 424, арнаулы орта білімі бар – 1 736.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі