Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары мен техникалары қаралды

Азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары мен техникалары қаралды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына және «2024-2025 жылдардың қыс-көктем кезеңдеріндегі Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралары» жоспарына сәйкес құрылған жұмысшы тобы Сырдария ауданына жұмыс сапарымен келіп, азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары мен техникаларын қарады.

Іс-шара барысында эвакуациялық жинақтау, қабылдау пункттерінің дайындығы, сондай-ақ су басу учаскелеріне бекітілген техникалар мен су тасқынына қарсы жасақталған инертті материалдық-техникалық қорлары пысықталды.

Қыс-көктем мезгілдерінде су тасқыны салдарынан болуы ықтимал табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жоюға жұмылдырылатын жеке құрам мен техникалар дайындығын тексеру мақсатында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамы мен техника сапқа тұрғызылды. Саптық қарау барысында азаматтық қорғау қызмет басшыларының міндеттері мен дайындықтары сұралды.

Сонымен қатар "Сырдария" өзені бойындағы қауіпті учаскелердегі инертті заттар және эвакуациялық жинақтау-қабылдау пункттерінің жағдайымен танысты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
14 қараша 2024 ж. 201 0