Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Асқабақ дәні мың бір дертке шипа

Асқабақ дәні мың бір дертке шипа

Күнделікті тұтынып жүрген қарапайым асқабақтың адам азғасына пайдасы ежелден белгілі. Асқабақты пайдалану арқылы ағзаны қажетті дәрумендер мен минералды заттарға толықтыруға болады. Әрі көптеген дертке дауа болатын қасиеті де бар.

Әсіресе, асқабақтың дәні құрамы өте пайдалы заттардың жиынтығы. Асқабақтан тағам дайындау барысында қоқысқа тас­тайтын асқабақ дәндері шын мәнінде қоректік заттардың қоры екенін білесіз бе? Мәселен асқабақ дәнімен халық емінде жүрек-қантамыр ауруларын емдейтінін біле бермейтіндер көп. Жалпы асқабақ дәнінің адам денсаулығы үшін тигізер пайдасы орасан зор.

Халық емшілері ежелден-ақ асқабақ дәні арқылы таспа және сазан құрттарды түсіріп, әйелдердің босанғаннан кейінгі аяқ-қолының ісінуінде, көкжөтелде асқабақпен емдеген. Яғни олардың асқабақ дәнін балмен араластырып жегізіп, адамдарды ішек құрттарынан құтқарғаны жөнінде ертедегі медициналық жазбаларда жиі айтылады. Сонымен қоса көру қабілеті нашарлағанда да, қан аздықтан жапа шеккенде де, артық салмақтан арылғысы келгендер де асқабақтың еміне жүгінген. Және де асқабақ ағзаны артық шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандыруда да өте шипалы. Пайдалы көкөністің несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеттері паразиттерді жоятындығы туралы дәстүрлі медицинада зерттеліп, дәлелденген. Осыған байланыс­ты дәрігерлер асқабақты жүрек-қантамыр аурулары, гипертония және зат алмасуда қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ретінде ұсынады.

Асқабақты жегенде дәнін жуып, кептіріп алады. Асқабақ – усыз, дәмді жеміс екені барлығына белгілі. Дәні, сабағы, еті әйелдердің ағзасындағы сүтін молайтады. Бұдан бөлек асқабақтың уытты қайтару, қабынуды жазу, ауырғанды басу тәрізді де пайдалы қасиеттері жетерлік. Асқабақ дәні – кукурбитин деп аталатын теңдессіз байлықтың қайнар көзі. Ал бұл зат өз кезегінде қатерлі ісік ауруының алдын алып, ағзаны сақтайды әрі қорғайды. Мамандар асқабақ дәнін үзбей жейтіндердің бауыр, сүт безі, тік ішек, ұйқы безі, өкпе, асқазан қатерлі ісік ауруына ешқашан шалдықпайтынын растайды. Тағы бір ерекшелігі, асқабақты қысқа сақтағанда, ол толықтай пісіп, жетіледі. Сол себепті оның күзде пісіп үлгермегендерін де қалдырмай жинап алу керек.

Асқабақтан жасалған шырынның да пайдасы өте көп. Әсіресе, қаназдыққа қарсы керемет ем. Өйткені, шырын құрамында темірдің мөлшері өте көп. Сондай-ақ асқабақ ұлпасында кальций мен калий өте көп. Каротин көлемі де асқабақта сәбізге қарағанда жоғары. Сол себепті, көзі нашар көретін адамдарға асқабақ шырынын ұсынуға болады. Сондай-ақ асқабақ шырыны бүйрек, бауыр және қуық қалбыршағы үшін ем. Бұл үшін асқабақты шикілей жеген дұрыс. Егер ол дәмсіз көрінсе, қайнатып алуға болады. Айта кету керек, асқабақ ұлпасында калий тұзы бар. Іш өтіп ауырғанда да асқабақ шырынын ішуге кеңес береді.

Қарапайым ғана қолданыстағы асқабақтың еңбек­теген баладан еңкейген қарияға дейін тигізер пайдасы шашетектен. Мың бір дертке шипа болған асқабақ дәнін жеуге кеңес береміз.

А.ЖҮНІСОВА
Фото: Stan.kz.
12 қараша 2024 ж. 96 0