Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 24 наурыз - дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

24 наурыз - дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

Облыста туберкулезге шалдығу көрсеткіші соңғы он жылда 2 есеге азайды. Былтыр өңірде аурушаңдық деңгейі 46,2 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Алтекешева хабарлады.

-Облыста туберкулезге шалдығу фактісі бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасқан. Өткен жылы аурушаңдық көрсеткіші 48,5-тен 46,2-ге пайызға төмендеп, туберкулезге шалдығу қарқыны 4,9 пайызды құрады. Сондай-ақ, аталмыш аурудан өлім-жітім көрсеткіші 4,8 есеге төмендеді. Бұл дертті ерте анықтау мақсатында ДДСҰ ұсынған бактериологиялық және молекулярлық-генетикалық диагностикалаудың жеделдетілген әдістері енгізілді. Қазіргі таңда арнайы құрал-жабдықтар облыстық фтизиопульмонология орталығы мен аудандық деңгейдегі зертханаларда қамтылған, - деді Айгүл Алтекешева.

Айта кетейік, биыл Дүниежүзілік туберкулезге қарсы ұран: «Туберкулезге қарсы күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз!» деген атаумен өтеді.
24 наурыз 2022 ж. 617 0