Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіге қарсымын, мен өмірді қалаймын

Есірткіге қарсымын, мен өмірді қалаймын

Есірткі – алдамшы сәт, тұзағы тар,
Жаныңды тұншықтырар, бұл улы нәр.
Бірақ оған көнбеймін, жолым айқын,
Болашаққа сенемін, арманым бар.

Есірткі – дұшпан, жаныңа түскен жара,
Өмірді улап, жоқ қылар ар мен сана.
Құтылады бәледен аман-есен,
Салауатты ұстанған жандар ғана.

Жалғанның тұзағы –есірткі зары,
Кірлетер жанымды, күйдірер бәрі
Жанымда жалын бар,адалдық тұнған
Есірткісіз ғұмыр – бақыттың жыры

Мен өмірді қалаймын, елден ерек
Болсам да қарапайым, жаным бөлек
Өткірмін, қайталанбас, санам зерек
Бақытты өмір әрине, маған керек

Үн қатамын жастарға сергек бол деп
Есірткісіз өмірде қызықтар көп.
Онсыз да әлем толы жарық пен нұр,
Есірткісіз өмір – ғажайып ғұмыр.

Мейірім ҚҰДАЙБЕРГЕН,
№42 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы
07 қараша 2024 ж. 329 0