Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атмосфералық ауа және ауыз су сапасы бақылауда

Атмосфералық ауа және ауыз су сапасы бақылауда

Судың адам өміріне қауіпсіз болуы шарт және су арқылы берілетін сырқаттанушылықтың алдын алу үшін басқарма тарапынан тұрғындар тұтынатын ауыз су сапасына жыл бойына мониторингтеу жұмысы жүргізіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізудің мақсаты адам денсаулығына тiршiлiк ету ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) әсер етуі туралы дәйекті ақпарат алу, уланулардың пайда болуының және инфекциялық аурулардың, кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 95-бабында белгіленген тәртіппен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ауданда орналасқан 17 орталықтандырылған ауыз су жүйелерінен ауыз су сынамалары алынып, зерттелінуде. 2024 жылдың 9 айында микробиологиялық зерттеуге 135 сынама алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ. Санитариялық-химиялық зерттеуге зерттеу 135 сынама алынып 3 хлор қалдығы (C.Сейфуллин ауылы) анықталды. Анықталған кемшілік бойынша филиал директорына хат жазылып, су жүйесіне (откачка) қайта айдап, сынамалары алынып сәйкессіздік анықталған жоқ.

Сонымен қатар, сыртқы орта факторы атмосфералық ауаны, топырақты зерттеулер жүргізіледі. Жыл басынан белгіленген 11 нысаннан атмосфералық ауаны зерттеуге 594 сынамадан 1782 зерттеу жүргізілсе, топырақтан 59 зерттеу жүргізіліп, санитариялық талаптарға сәйкессіздік анықталған жоқ.

Атмосфералық ауаны ластайтын барлық заттар адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етеді. Бұл заттар адам ағзасына негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді және жоғары тыныс жолдарының, жүрек, қан тамырлары жүйесі мен әр түрлі аллергиялық аурулардың дамуына алып келеді. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумақта және автокөліктердің неғүрлым қарқынды қозғалысы бар автомагистралдарда барлығы 11 бақылау нүктесі белгіленген. 2024 жылдың 9 айында 1782 сынама алынып сәйкессіздік анықталған жоқ.

Марина ЕРІМБЕТОВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
01 қараша 2024 ж. 152 0