Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

Қызылорда облысында өңірлік жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 36829 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте белгілі болды. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарымен бөліскен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев биыл 46475 жұмыс орнын құру жоспарланғанын айтты.

Әлеуметтік қорғау саласының ауқымы кең. Жауапты басқармада халықты жұмыспен қамту, тұрмысы төмен отбасылары мен ардагерлерді, жазасын өтеп келген және пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бар адамдарға оңалту шараларын жүргізу, шетелдік жұмыс күшін тарту, қандас мәртебесін беріп, оларды бейімдеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

«Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 58894 адамның іс-шараларға қатысушы ретінде 31736 азамат тіркеліп, тиісті бағыттарға жолданды. 1558 адам Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыру мақсатында қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. Жыл басынан бері 73 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 1158 жұмыс беруші 4442 бос жұмыс орындарын ұсынды. 1517 адам тұрақты және 830 адам уақытша жұмысқа орналастырылды», - деді басқарма басшысы Ғабит Жұмабекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
31 қазан 2024 ж. 78 0