Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезі өтті

Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезі өтті

Ең алғаш 1996 жылы 19 жел­тоқсанда «Қазақстан Республикасы Судьяларының Одағы» құрылып, республика судьяларының алғашқы съезі өткізілді. Сол кезден бастап әр төрт жыл сайын өткізілетін судьялар съезі – елімізде сот жүйесіндегі негізгі мәселелерді талқылап, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Биыл да 4 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы судья­ларының кезекті IХ съезі өтті.

Съезге Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшы­лары, заңгерлер қауымдастығы, халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Съезге Қазақстан Республика­сы­ның Президенті де қатысып, бизнес пен халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігі мен қабылданған шешімдерге жауап­кершілігін арттыруға бағыттал­ған мін­деттерді атап өтті.

Бірінші басым бағыттардың бірі – 2025 жылдың 1 шілдесінен бас­тап Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойын­ша үш тәуелсіз кассациялық соттарды құру.

Съезде сондай-ақ, әрбір судьяның кәсібилігі мен судьялық тәжірибесін объективті бағалауға мүмкіндік бере­тін судьялар үшін біліктілік сыныптарын енгізу мәселелері қаралды.

Сот тәжірибесінің бірлігін қамта­масыз ету және соттардың ашықтығын арттыру мақсатында одан әрі цифрландыруды және жасан­ды интеллект элементтерін енгізуді жалғастыру тапсырылды.

Соттарда мобильді қосымша­лар­ды қолдану арқылы істерді онлайн қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілген және де аудио-бейне жаз­ба құрылғыларымен толық жаб­­­дықталған, бұл процеске қаты­сушы­­ларды тәртіпке келтіріп, орын­сыз арыздардың түсуін азайтуға көмек­теседі.
Электрондық жүйе басқа мемле­кеттік органдар жүйесімен бірік­тірілген, нәтижесінде істер тікелей электронды форматта түседі, бұл істі жеделдетілген түрде қарап, орын­дауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы сөзінің со­ңын­­да судьялардың жаңа Әдеп кодек­сін қабылдауын қолдады. «Бұл құжат соттардың тәртібінде жоға­ры стандарт­тарды орнатып, сот жүйесіне деген қоғамның сенімін арттыруға ықпалын тигізеді» деді.

Дәурен ЕРАЛИЕВ,
Сырдария аудандық
сотының судьясы
29 қазан 2024 ж. 155 0