Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Айшықты мереке – біздің ауданда

Айшықты мереке – біздің ауданда

Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында аудан көлемінде ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шаралар легі салтанатты кешпен өз жалғасын тапты.

Жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, ау­дан­дық мәслихат депутаты Ержан Әжікенов бас­таған депутаттар, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, атқарушы сала мамандары қатысты. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республи­касының мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтау үшін сөз аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлына берілді. Атаулы күннің мәні мен маңызына, тарихына тоқталып өткен аудан басшысы егемен елдің жетістігін, ауданның бүгін­гі келбеті мен атқарылған ауқымды жұмыс­тар туралы сөз етті.

– Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміз үшін тарихи күн. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға өзгеріс енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем карта­сындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Сондықтан бұл тарихи құжаттың еліміз үшін, мемлекеттің әрбір азаматы үшін мән-маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан ұсынысына сәйкес, Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтіп келеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді арттыратын айшықты мерекеге айналды, – деді аудан әкімі.

Одан кейін кезек марапаттау салтанатына беріліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азамат құрмет төрінен көрінді. Жиын соңында аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, бұған дейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында арнайы жиын өтіп, онда аудан басшысы бірқатар мемлекеттік қызметшінің ата-анасына облыс әкімінің алғысын табыстаған болатын. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық мереке аудан көлемінде осылайша кең көлемде атап өтілді.

Биыл елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде үшінші рет тойлануда. Ел Президенті Республика күніне арналған өзінің құттықтауында: «Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар» деген болатын. Президентіміздің және Үкіметтің қолдауымен, аймақ басшысының тапсырмасымен Сыр өңірінде соңғы жылдары мақсатты бас­тамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Ұлы дала төсінде 25 қазан күні халқымыз ұлттықтың, ұлылықтың мере­кесін атап өтеді. Атаулы күннің негізі 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның қабылдануымен ті­ке­лей байланысты. Онда тұңғыш рет аумақ­тардың тұтастығы, бөлінбейтіні және мызғымастығы, Қазақстан халықтары мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидалары бекі­тіл­­ді.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
25 қазан 2024 ж. 122 0