Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі ең ұзын көпірде 102 камера қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Еліміздегі ең ұзын көпірде 102 камера қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір халық игілігіне берілген соң, алғашқы тәулік ішінде көпір үстімен 1,5 мың көлік жүріп өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше нысан бойында 102 камера орнатылған екен. Оның 62-сі нысанның үстіңгі жағында, ал қалған 40 камера көпір астындағы аумақта орнатылған.

Тағы бір айта кететін жайт, мұздың жылжуы кезінде көпір тіректеріне зақым келтірмеу үшін нысанда 40 мұзкескіш қондырғы орнатылған.

Стратегиялық маңызы бар нысандардың қатарына жататындықтан көпірдің екі жағында тәулік бойы полиция бекеттері жұмыс істейді. Нысанға уақтылы техникалық қызмет көрсету үшін бақылау пункттері де қарастырылған.

Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 шақырым жаңа жол салынған.

Фото: Ведомство. Телеграм
23 қазан 2024 ж. 94 0