Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдегі ең ұзын көпір сынақтан өтті

Елдегі ең ұзын көпір сынақтан өтті

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1 мың 316 метрді құрайтын екі жолақты көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Айта кетсек, бұл – Қазақстандағы ең ұзын көпір. Арнайы құрылғылар аталған көпірдегі деформация, діріл (вибрация), жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі және зор жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

Аталған екі жолақты көпір ШҚО-ның Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан, Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.

Фото: Көлік министрлігі
14 қазан 2024 ж. 140 0