Қорғаныс бөгеттері нығайтылуда

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы қорғаныс бөгетіне демеушілік есебінен нығайту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың депутаты, «Мағжан және К» ЖШС-нің директоры Дархан Ералиевтың демеушілігімен «Шегіртке» учаскесіндегі қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді. Аталған жұмыстарға серіктестік тарапынан 4 арнайы техника (1 эксковатор, 1 погрузщик, 2 камаз) бөлініп, қорғаныс бөгеті 1260 текше метр топырақпен нығайтылды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы мекемесімен Шаған ауылдық округі тұсындағы «Иіркөл» учаскесіндегі қорғаныс бөгетінің 3 шақырымын қалпына келтіру және нығайту жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника (1 эксковатор, 1 бульдозер, 2 камаз) жұмылдырылған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі