Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда

Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда

Мұратбаев көшесінің тұрғындары сенбілік үшін бірікті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қызылорда қаласындағы Мұратбаев көшесі №15,17 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары мен ПИК қызметкерлері бірлесіп, өз тұрғын аудандарында тазалық акциясын ұйымдастырды.

Акцияға қоқыспен күресуге және аумақты абаттандыруға бірге шыққан 50-жуық тұрғын жиналды. Акцияға қатысушылар қолғаппен, қоқыс дорбаларымен және тазалау құралдарын пайдаланып, іс-шара барысында ауланы тазалап, әктеу және сырлау жұмыстарын да жүргізді.

«Біз бұл акцияны экологияға қамқорлық өзімізден басталатынын көрсету үшін өткізуді шештік», - дейді белсенді тұрғындар және барша қала халқын акцияға атсалысуға шықырды.

Дәл осындай акция қасбеттері қайта жаңартылған, Абай даңғылы 47 үйдің ауласында жалғасын тапты.

Бұл көпқабатты тұрғынүйлердің ауласында өткен жылы «Қыран» ЖШС-мен абаттандыру мен ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілген болатын.

Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
09 қазан 2024 ж. 1 209 0