Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері» Республикалық патриоттық байқауының өткізу ережесі

«Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері» Республикалық патриоттық байқауының өткізу ережесі

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚАЙРАТКЕРІ» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау. Әділетті Қазақстанды құру үшін, әр азамат өзінен бастауды қажеттігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға дәріптеу. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқау қатысушылары: Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар.

Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып, бірге жіберу қажет. Сондай- ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар astana-20n@mail.ru электронды почтасына 2024 жылдың қазан айының 20-на дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына табысталады:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚАЙРАТКЕРІ» төсбелгісі;

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚАЙРАТКЕРІ» статуэткасы;

Куəлік;

Құрмет грамотасы;

Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.

Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana-20n@mail.ru

Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: +7 778 629 80 35, +7 747 702 52 62, 8778-742-74-40, +7 778 742 74 40
04 қазан 2024 ж. 83 0