Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мемориал» сервисі құрылды

«Мемориал» сервисі құрылды


Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің мұрағатында Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы ССРО азаматтарына қатысты 418 дана құжаттар сақталуда. Айта кетерлік жайт, бүгінгі күні Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы ССРО азаматтарына қатысты 2 мұрағаттық анықтама берілген.      
Әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы ССРО азаматтарына қатысты ақпаратты анағұрлым қолжетімді ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Веб-порталында (http://mvd.gov.kz) әлеуметтік маңызы бар «Мемориал» сервисі  құрылды.
Аталған сервисте Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы ССРО азаматтарына қатысты азаматтардың туған жылы, тұрғылықты жері, тұтқындалған уақыты, сотталғандығы және ақталғандығы жөніндегі мәліметтер енгізілген.
Әскери тұтқында болған азаматтар, не болмаса олардың өкілдері, қайтыс болған жағдайда олардың туыстары қылмыстық істердің процестік емес сипаттағы  құжаттармен танысуға, сондай-ақ істе сақталған қолжазбаларын, фотосуреттерін және өзге де жеке құжаттарын немесе олардың көшірмелерін алуға құқығы бар.  
Ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік қызметтер көрсетуі шеңберінде мұрағаттық анықтамалар, құжаттардан үзінділер, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың  құжаттарының көшірмелері  өтініш берушіге немесе олардың сенімді адамдарына беріледі.


Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
17 мамыр 2018 ж. 902 0