Ауыл болсаң – қауым бол немесе бір табақ ас
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елді нарық жайлап, қаладаөнеркәсіп тоқтап, ауылда совхоздар тарады. Көрінген адам күнкөрістіңқұлы болып «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен бір уақыт болды. Айлап зейнетақы мен айлық кешіктірілді. Осындайөтпеліқиын кездері елдің ауызбірлігін сақтапқалу ауылдың басшылары мен ардагер ағаларына сын болды.
Сол уақыттары ауылдағы клуб, кітапхана басқа даәлеуметтік мекемелерді бюджеттің есебіненұстап тұру мүмкін болмайтын жағдайға жетті. Уақытша болсадақызметкерлерге шаруашылықтың есебінен күріш, ұн беріп, ұстап тұруға тура келді. Шаруашылықтар жекешелендіріліп, жерүлесіне байланыстыұсақ шаруашылықтар пайда бола бастады. Бұл бөлінісқолына бір-бір папкаұстаған жаңақазаққаұқсаған азаматтарға ішінара пайдасы болғанмен, ауылдағы нарыққа бейімделеқоймағанқарапайым егінші-малшы шаруа адамдарға тиімсіз болды. Оныңүстіне шаруашылықтағы айтыс-тартыс та көбейіп, ауылдың да мазасы кете бастады. Адамдарқиналғанда арқа сүйеп баратын, елдің жауапкершілігін көтеретін ауыл округіндегіҚалжан ахун шаруашылығынұсақталып кетуден сақтапқалу мәселесі бірінші кезекте тұрды. Бұл мәселені шешуге ауыл активі мен Бәку Күшікбаев аға бастаған ардагерлердің еңбегі зор болды. Осы күндері жиі еститін ауылдардағы жер бөлісі, төрағалыққа таласу оқиғалары кезінде біздің ауылда да болыпөткен. Шаруа ушығып бара жатқан соң Бәкең бір малын сойып, ауылдың игі жақсыларын және бөлініп шығам деген талапкерлер мен шаруашылық басшыларынүйіне шақырып «бір табақтан» ас берген. Иә, қателескен жоқпын, бірқойдың еті еркін сыйып кететін кәдімгі біз көрмегенүлкен табақ. Кейін білдім Бәкең ауылды бірлікке шақыруға арналған дастарханына осы табақты Түркістаннанәдейі алдырыпты. Ауылда бесіктегі баладан бастап белі еңкейгенқартқа дейін Бәкеңнің айтқанын екі етпейтін. Ол дақазақи салт дәстүрімізге сайүлкенді – аға, кішіні – іні деп сыйлағандықтан болар. Кешегі тайқұлындай біргеөскен, қазіргі пендешілікпен бір-бірін жау көріп жүрген азаматтар амал жоққол алысып, бір дастархан басында басқосып, әңгіме дүкенқұрды.
Сол кездегі Бәкең бастаған ақсақалдардың айтқанәңгімелеріәлі есімде. Үкіметтің талабы дұрыс шығар «жекешелендіру» деген. Біз оғанқарсы емеспіз, біраққазақта «Бөлінгенді бөрі жейді» деген сөз бекер айтылмаған. Сол бөріге жегізбей, соңдарыңа ерген жұртты тентіретпей, біреугеқол жайғызбай айлық тауып беру де оңай шаруа емес екендігіқатты айтылды. Осы аумалы-төкпелі заманда біреу түгіліөз отбасыңды асыраудыңөзіқиын. Ел болған соң отбасыныңқуанышы менқайғысы бірге жүреді. Ондайға тап болған адамның арқа сүйеп сеніп баратын жері, ортаққазаны болу керек екендігіәңгіме болды. «Ортаққазан» дегеніміз оты мен суы азаймайтын осыүлкен шаруашылық. Қазақта «Көппен көргенұлы той» деген мағынасы терең сөз бар. «Көштен бөлінсең де, көптен бөлінбе – көптіңқолы көкке жетер» деген де сөз бар. Дастархан басында бір табақтан ас іше отырып ауылдың «бөлінеміз» деген азаматтары райларынанқайтып, бөлектенбейтінін айтып, бітімге келіп, қол алысып тарқасты. Ілгеріденқазыналықарттар ескі мен жаңаның арасын осылай жалғап ақылын айтып отырған екен.
Бір жылдары дария тасып, ауылдың егістік жерлерін түгел су алып көктемде осы судықашыруүлкенқиындық туғызды. Он мың гектардыңүстіндегі судықашырудың бірақ жолы бар. Ол егістіктердегі суды Айтек каналына жығып, оданәрмен көрші Жалағаш ауданының Ақсу ауылының егістіктеріндегіканалдары арқылы Оңтүстікқашыртқы каналынақұлату болды. Бұл ойлаған жұмысымызға Жалағаштың водхозы мен Ақсу ауылының басшылары «егістік жеріміз бен каналдарымызды бүлдіреді» депүстерінен судыөткізуге түбегейліқарсы шықты. Егістіктен судықашырмаса ондаҚалжан ахун шаруашылығы екі-үш жылсыз егіс еге алмайтыны анық. Мың жарымдай халқы бар, диханшылықпен күн көріп отырған ауылға бұлүлкен соққы болып тиейін деп тұрды. Олай жүгіріп, былай жүгіріп шешімін таба алмай жүргенде осы Бәку ақсақалөз ойын ортаға салды. Екі ауданныңәкімдерін нөкерлерімен сол судың басына келісімге шақырыңдар. «Мың сіз бізден, бір шыж-быж артық» дегенқазақта терең мағыналы сөз бар. Үйдегіүлкен табақты алыпқыстанқалғанқазы- қарта, жал-жаяны асып, сол судың басына апарыңдар деді. Жағдайдың ауырлығын көргенәкімдерөзара ақылдасып, туындаған мәселелеріңді шешер – деп бізге жөн сілтеді. Ол кезде бізде ауданәкімі Абибуллаев Ибрагим Сражадинұлы, Жалағаш ауданыныңәкімі Талқанбаев Нұрман Бақбергенұлы еді. Ұзақ тартысты келіссөзден кейін Бәку ақсақалдыңқұтты табағынан дәм тартқанәкімдер, суды Оңтүстікқашыртқығақұлататын болып келісті. Сол кездегі Ибрагим ағаның мына сөзіәлі есімде:
«Ағайыны аралас, қойықоралас көрші екі ауылдың біреуі аш, біреуі тоқ болып отырғанықалай болар екен-ә... Жалағаштық жігіттер!» дегенде, Нұрманәкім біздіңәкімді «болды аға» деп келісіп, құшақтай кеткен еді. Қарап отырсам ағаныңүйіндегі бұл жиынға да біраз жылөтіпті. Дастархан төрінде болған аға буын ардагерлеріміздің де біразыөмірден озыпты. Ауылдың игі жақсылары салған сол жолды кейінгі буын інілері ауызбірлікті сақтап «ортаққазаннан» дәм татып, Қалжан ахун ауылынөрге абыроймен сүйреп келеді. Ауыл бірлігін ойлаған Бәку ақсақалымыздың даөмірден озғанына биыл 14 жылдың жүзі болыпты. «Отырса от басында – Көшсе көш басында», «Ағадан ақыл, атадан нақыл керек» деген дана сөздер жарықтық осы кісілер туралы айтылған болуы керек.
Бәкең мен Сәуле Баймағанбетқызы апамыз екеуі алпыс жылға жуық отасып, 12 ұл-қыз тәрбиелепөсірді. Құдайға шүкір, бәрін оқытып, үйлендіріп, немере-шөбере сүйіп кетті. «Бәйтеректің мықтылығы – бұтағыныңұзындығында емес, тамырының тереңдігімен, ал адамның бағы – артындағыұрпағымен бағаланады» деседі.
Жаратушы Алланың арқасында Сәуле апамызөсіп-өнген, жайқалып-жайнағанұрпақтарыныңқызыққуанышына куә болып, Бәку ақсақалдың ізіқалғанҚалжан ахун ауылындағы ескіқоныста бақыттығұмыр кешуде.
Марат ОМАРОВ,
Қазақстан Журналистер
одағыныңмүшесі