Аудан ардагерлеріне АЭС салудың маңыздылығы айтылды

«Бүгінгі таңда еліміздегі электр қуатының тапшылығы Ресейден келетін 1 миллиард киловатт-сағат көлеміндегі ағынмен жабылып отыр. Жыл сайын елімізде электр қуатын тұтыну көрсеткіші арта береді. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған станциялардың оған шамасы келмейді. Сондықтан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет.», - деді штаб мүшесі С.Садуақасов.
Өз кезегінде ардагерлер Мемелекет басшысының бастамасын қолдайтындықтарын білдірді. АЭС салынған жағдайда оның қауіпсіздігіне баса мән берілсе деген ұсыныстарын жеткізді.