Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет

Сыбайлас жемқорлық қоғамды әділетсіздікке ғана ұрындырып қоймай, елдің экономикалық жүйесінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, экономикамыздың дамып, жетілуіне кереғар әсерін тигізеді, халықаралық деңгейде елдің жағымсыз иммиджін қалыптастырады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттермен жұмыс жасау ауылдық округі әкімі аппаратында да жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында елді мекен көшесіне билборд ілініп, С.Сейфуллин ауылдық округіндегі барлық мекемелерге жадынамалар таратылып, мекеме қызметкерлеріне құқықтық оқулар өткізіліп, халық арасында да үнемі насихат жұмыстары жүргізіліп, сауалнама алынып отырады. Ауылдық округі әкімі аппаратында алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу жолдарында нақты іс-шаралар атқарылатын болады.
Сөзімді түйіндей келе, сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет екендігін әрбір азамат пен азаматша түсініп, қазақ қоғамының әлеуметтік- экономикалық дамуының деңгейін арттыру үшін сыбайлас жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастауы қажет деп ойлаймын.
Б.Қыдырбаев,
С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі
Фото: ашық декреккөзден