Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық пікір сауалнамасы: Тұрғындардың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдады

Қоғамдық пікір сауалнамасы: Тұрғындардың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдады

«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» жеке қоры КӘЗИ ҚҚ осы жылдың 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді.

Сауалнама ҚР заң­намалық нормаларын сақтай отырып жүр­гізілгені, атап айтқанда, референдум өткізу мерзіміне қарсы қоғамдық пікір өлшемін жүргізу туралы ҚР ОСК хабардар етіліп, оған ҚР ОСК-сы 11.09.2024 ж. №ЗТ- 2024-05252908 хатпен жауап бергенін атап өту керек.

17 облыстан және республикалық маңы­зы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан сауалнама ауқымы 1000 респондентті қамтыды.

Сауалнама анкетасына: «Сіз АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба?», «Қазақстанда АЭС салу туралы қан­дай ақпарат сізді қызықтырады?», «Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» деген сұрақ енгізілді.

Сауалнама қорытындысымен «Мін­детті түрде барамын» (35,6%) және «Мүмкін­дігінше баруға тырысамын» (20,2%) нұс­қаларын таңдаған респонденттердің үлесі жалпы іріктеменің 55,8%-ын құрады. Осылайша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға баруға дайын екендігін көрсетті. Сауалға қатысқандардың оннан бір бөлігінен астамы «референдумға қатыспаймын» деген (12,2%).
Алдын ала болжанғандай референдумға қатысу/қатыспау туралы «әлі бір шешімге кел­меген» респонденттердің үлесі жоғары болды (16,6%).

Сауалнамаға қатысқандардың 13,6%-ы «бұл жаңалықты бірінші рет естіп отыр» (атом электр станциясын салуы мүмкін деген жаңалықты бірінші рет естіп отыр). Респондент­тердің аз бөлігі (1,8%) бұл сұраққа «жауап беруге қиналамын» деп көрсеткен.

Сонымен қатар «Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы қандай ақ­парат сізді қызықтырады?» деген сұрақта пікір­­лер эмоционалды ұстанымнан бас­тап толығымен прагматикалық дәлелдерге дейін құбылады.

Мәселен, «азаматтардың ден­­­­­саулығына әсер етуі ық­тимал» және «экологияға әсер етуі ық­тимал» деген эмоционалды пікірлері бар жауаптарды таң­дау тиісінше 59,5% және 54,1% құрады. Бұл, ең алдымен, же­лі­де АЭС салу ықтималдығы ту­ралы алғашқы ақпарат пайда бол­­ған сәттен бастап мұндай жо­­ба­­лардың қауіптері туралы әр­түрлі пайымдар тарала бас­тағандығына байланысты болуы мүмкін.

Айта кету керек, сауалнамаға қа­тыс­қан халық АЭС-те қауіпсіздікті қам­тамасыз етудің нақты шаралары бойынша прагма­тикалық ойлар айтқан: «Апаттардың алдын алу жөніндегі қауіпсіздік шаралары» (43,1%); «Радиоактивті қалдықтарды басқару» (24,9%); «Кадрлық әлеует» (16%)*

*(Ескерту: Қосындысы 100% емес, өйткені респонденттер бірнеше жауап нұсқаларын таңдай алды).

«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа келісетіндердің үлесі 60,4% құ­рады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,1%-ы АЭС салу идеясын қолдамайды. Сауал­намаға қатысқан әрбір оныншы адам (9,5%) атом электр станциясының құрылысына қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Зерттеудің жалпы қорытындысымен, Респонденттердің 55,8%-ы өз азаматтық ұстанымын көрсетуге және АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беруге ниет танытқан. АЭС құрылысын қолдау­шылар­дың үлесі – 60,4%.

Жүргізілген социологиялық сауал­нама нәтижесінде әрі қарай жария түсін­діруді талап ететін экологиялық және тех­никалық қауіпсіздік критерийлерінің контуры межеленді. Атап айтқанда, халық денсаулық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыстың техникалық жағы және атом стан­ция­сының болашақ жұмыс­шы­ларының кадрлық құра­мының кәсібилік деңгейі туралы алаң­дайды.

«Тт» ақпара
Фото: dknews.kzт
14 қыркүйек 2024 ж. 308 0