Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Құқықтық мәдениет және біз» тақырыбында ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізілуде

«Құқықтық мәдениет және біз» тақырыбында ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізілуде

Еліміздің Конституциясын терең түсіндіру, өз өмір сүріп отырған қоғам идеясын ұғындыру мен өз іс - әрекетіне моральдық, құқықтық тұрғыда жауап бере алатындай қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, тәртіптілікті нығайтудың жолдарын жетілдіру - тәрбие беру жұмыстарындағы негізгі міндет.

Осы мақсатта, бүгін Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен, "Сырдария - Нұрдария" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауданға қарасты Айдарлы, Жетікөл, Амангелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында құқық бұзушылық, қылмыстық, алаяқтық, сыбайлас жемқорлыққа төбеушілікті қалыптастыру бағытында "Ашық есік" күні өткізілуде.

Спикерлер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жасайтын уәкілетті органдар мамандары, азаматтық қоғам өкілдері, заңгерлер және адвокаттар бар. Ашық есік күні барысында ауыл тұрғындарына өздерін толғандырып жүрген құқық бұзушылық, қылмыстық жауаптылық және заң аясында сұрақтары болса толыққанды мағлұматтар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, бұл іс-шаралар қыркүйек айының 20-на дейін ауданның қалған ауылдарында жалғасын табатын болады.
11 қыркүйек 2024 ж. 507 0