Әріптес мерейі

Аудан әкімінің Алғысында: «Халқымызда «Тіл – ұлттың тірегі» деген салмақты сөз бар. Біздің басты мақсатымыз – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Ана тіліміздің мәртебесін арттыруға қажырлы еңбек етіп келесіз. Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге шынайы алғысымды білдіремін», – делінген.
Жас журналист Алтынай Жүнісова – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің түлегі. Жоғарғы оқу орнында журналист мамандығы бойынша білім алып, еңбек жолын аудандық газетте 2023 жылы бастады. Бір жылдан астам уақыт ішінде қаламы ұшталып, өз оқырмандарын қалыптастырды.
Мерекелік қабылдауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар, халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ аудандық филиал төрағасы Шаһарбек Нұрсейіт және тіл жанашырлары қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы пікірлерін білдіріп, марапат иелерін құттықтады.
Біз де өз кезегімізде әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз. Шығармашылық шабыт тілейміз. Жазарыңыз көбейе берсін!
«Тт» ақпарат