Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шеге құм: Астанадан келген құнды сый

Шеге құм: Астанадан келген құнды сый

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, белгілі журналист, әдебиеттанушы ғалым Бауыржан Омарұлы «Шеге құм» атты авторлық кітабын арнайы беріп жіберіпті. Кітап руханиятшыл азамат Руслан Жуманов арқылы қолымызға тиіп, Астанадан келген құнды туындыны жата-жастана оқып шықтық.

Танымал тұлғалар мен біртуар азаматтар жөнінде жазылған мазмұнды эсселер, мақа­лалар топтастырылған кітапқа енген дүниелер көр­кемдігімен және тартымдылығымен ерек­шеленеді. Тағылымды туындыларда түрлі кейіп­керлердің болмыс-бітімі, таным-түсінігі, сана-сезімі, қимыл-қарекеті жан-жақты көрініс тапқан. Өзіндік оқырманын қалыптастырған қайратты қаламгер адам мінезін дөп басатын тосын тіркестер арқылы су­рет­керлік қабілетімен ешкімге ұқсамайтын өзгеше стильмен ой толғайды.

Кітапқа ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, фило­логия ғылымдарының докторы, профессор Амантай Шәріп алғы сөз жазып, пікір білдірген. Мұнан бөлек автордың «Қанекей сөйле, компьютер!» та­қырыбында қабырға газетінен әлеуметтік желіге дейінгі ой толғанысы жарияланған. Туын­ды­ның сапалық мазмұнын арттырып тұрған «Әлеуетті Әбітай», «»Жүз жылдық жылылық», «Ғасырға жуық ғұмыр», «Келімбетов кеңестігі», «Ақ күмбез» және «Құжат, кілт және Аманкелді аға» атты тақырыптық эсселер мен зерттеу ең­бек­тер оқырманды елең еткізбей қоймайды. Әсіресе Б.Омарұлының «Белгілі вальстің авторы», «Кеңшіліктің келбеті», «Қазалының қазағы», «Шыт көйлек», «Қос қанат», «Астананы аялаған ақын», «Қамшы мен қалам», «Тұнық бастау», «Қаржыгер қағидасы» мен «Күмісті мылтық» атты туындыларында әр кейіпкердің болмыс-бітімі, еңбегі мен ерекшелегі тереңірек жазылған. Ал кітаптың атауымен аттас «Шеге құм» атты мақалада Арал өңірі мен теңізді өлкеде туған ақындар туралы баяндалады. Бір сөзбен айтқанда, қаршадайынан қазақтың майдайалды мерзімді басы­лымдарының «отымен кіріп, күлімен шығып», көрігінде шыңдалған азаматтың құт қонып, бақ дарыған қаламынан төгіліп түскен дүниелерді тебірене оқыдық. Оқып отырып, ойға батып, қызыға отырып, еліктеп келеміз. Белгілі журналист, әдебиеттанушы ғалымның Астанадан ауылға арнайы беріп жібер­ген кітабын зор құрметпен қабыл алып, шығармашылық топ арасында ұжым­­­дық талқылау да ұйымдастырдық. Жур­налис­тердің үйренері де, үлгі аларлық тұсы да көп екенін түсіндік. Белгілі азамат Амантай Шәріпше айтқанда, болар елдің баласының байырқалы бастамасына қалың жұртшылықпен бірге біз де тілектеспіз. Оқырман қауымға жол тарт­қан кітабыңыз құтты болсын, қадірлі Бауыржан аға!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
24 тамыз 2024 ж. 140 0