Мектеп сөмкесін қалай дұрыс таңдауға болады?
Бірінші сынып оқушысы немесе бастауыш мектеп оқушысы үшін сөмкені таңдау – әрбір ата-ананы алаңдататын маңызды мәселелердің бірі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мектеп сөмкесінің ауыр болуы балалардың денсаулығына кері әсер етеді.
Арнайы тірегі бар, артқы жағы қатты, омыртқаға түсетін салмақ пен қысымды бірдей бөлетін және омыртқаны қисайтпай, баланың арқасын түзу ұстауға арналған ортопедиялық ранецті таңдауға кеңес береміз. Иықбаулары ауыр салмақтан баланың иығын қиып кетпейтіндей ыңғайлы материалдан жасалған, жалпақ болуы тиіс, тұтқалары ұзындығы бойынша реттелетін болуы керек, бала оны арқасында тек екі иықбауымен асынуы тиіс, бұл ретте баланың белі мен мойнын қыспауы қажет.
Мектеп сөмкесінің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар сөмкені таңдаған кезде жарықтан шағылысатын арнайы белгілердің болуына көңіл аудару керек, бұл жолдан өту кезінде қауіпсіздік үшін қажет. Жүргізушілер қараңғы түскен кезде немесе нашар жарықтандырылған жерлерде жолдан өтіп бара жатқан баланы бірден байқайтын болады.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: sauap.org