Балаға емізік зиян ба?
Әр сәбидің түйсікті табиғи істерінің бірі ему (сору) болып табылады. Балалардың көпшілігі саусақтарын немесе жұдырығын сорады. Кей дәрігерлердің ойынша, бұл ему қажеттілігі қанағаттанбағанды білдіреді.
Сондықтан мұндай жағдайда баланы емізуді жалғастыруды ұсынады екен. Баланың қарны ашқанда немесе ұйықтағысы келгенде саусағын аузына салады. Алғашқы 3-4 айда баланың емуге деген қажеттілігі жоғары болады. Сондықтан бұл аралықта емізік өте қажет. Кей балалар емізікті «тыныштануға» қажет етсе, басқалары аузына алмай, лақтырып тастайды.
Егер балаңыз емізік «жақсы көретіндерге» жатса, уайымдамаңыз. Оның қатты зияны жоқ. Алайда баланың емізікке жақындығын ұлғайтып алмаңыз. Мысалы, бала ұйықтап кеткен соң, аузынан алып тастаңыз және ояу кезінде емізікті тығып қойып, көзіне көрсетпеуге тырысыңыз. Себебі, емізік – баланың дамуына кедергі жасап, демалтатын құрал. Мысалы, жаңа еңбектеп бастаған балаға емізік берсеңіз, ол еңбектеуін бірден тоқтатады. Әрдайым емізікпен жүретін баланың тілі жай шығады делінеді. Емізіктің тығыз жабысып тұратын түрін таңдау маңызды. Емізіктің өлшемі де баланың жасына қарай әртүрлі болуы керек. Емізікті жиі ауыстырып тұрыңыз және күнде жақсылап дезинфикациялау керек.
www.oinet.kz